ИНЕРЦИЯНЫ АЙЫПТАУ

 

Физикалық көрініс

 

         Сот: Бүгін Инерцияны айыптау туралы №1 істі қараймыз. Оның айыбы мынада: инерцияның салдарынан жол апатына көп жол берілді. Басқа да қайғылы оқиғалар болып жатты. Сондықтан куәгерлердің сөзін тыңдап, әділ жаза қолдануымыз керек. Айыпталушыны әкеліңдер.

         Екі сақшы әкелді.

         Сот: Айыпталушы, сіздің фамилияңыз, аты жөніңіз?

         Инерция: Физикалық инерция.

         Ата – анаңыз?

         Инерция: Галилео Галилей, Исаак Ньютон.

         Өмірбаяныңыз?

         Инерция: ертедегі грек ғалымы Аристотель денеге басқа дененің әрекеті тоқталғаннан соң ол дене тыныштық күйге ұмытылады деді. Сондай – ақ тастың қолдан шығып кеткеннен соң да қозғалысын тоқтатпайтыны сияқты мәселелерді түсіндіру қиын болды.

         Бұл сұраққа жауапты менің тууыма байланысты  Галилео Галилей берді, ал кейінірек оны Исаак Ньютон нақты тұжырымдады.

         Сот: Айыпталушыға сұрақ бар ма?

         Бас қорғаушы: менің сотқа сұрағым бар.

         Инерцияның ата – аналары Галилео Галилей мен Исаак Ньютон сияқты атақты адамдар екенім ескеріле ме?

Сот: барлық фактілер де ескеріледі.

Хатшы: инерция болғанда сіз қандай денелерге тәнсіз, қолданылатын орныңыз?

Инерция: Мен барлық денелерге тәнмін. Қолданылатын орыным: физика, техника, өмір.

Хатшы: сотқа келген жедел хатты оқып береді.

1 жеделхат: «Мен ертедегі ойшылдардың бірі – Аристотельмін. Сот жұмысын дұрыс емес деп есептеймін. Сіз қойған айыптың бірде –бірі Инерцияға тән емес.»

2 жеделхат: «Мен  Галилео Галилей – орта ғасырдың ұлы физигі. Кім табиғаттың құпиясын ашқысы келсе, оны өте құрметтеймін. Сондықтан сіздерге өзімнің құрметімді білдіремін. Істеріңізге сәттілік тілеймін!»

3 жеделхат: «Мен Исаак Ньютон ағылшын физигі және математигі. Табиғат заңдарының сіздерді де бейтарап қалдырмағанына қуаныштымын.айтыстан шындық туындайды. Егер сіздер оны тапсаңдар, механиканың 1 – ші заңы –инерция заңы ғажайып ғалымдар елінің сырын ашады.»

Сот: Енді сөзді айыптаушыларға берейік!

1 – Айыптаушы:

- Мен, (физика оқулығына қол қойып тұрып ант етеді)

Бір адам жолды кесіп өте беріп еді, бұрылыстан үлкен МАЗ машинасы шыға келді де, оны қағып кетті. Инерцияның салдарынан машина тоқтай алмады.

2 – Айыптаушы:

- Мен спортты өте жақсы көремін . өткенде бір веложарыста велосипедші жол жатқан тасқа соқтығып, өзі ұшып кетті. Қалған  велосипедшілер инерцияның әсерінен тежей алмай, жол үстіндегі велосипедке соқтықты. Сөйтіп, жарыс тоқтатылды. Бұл адам төзбес оқиға еді.

Сот: сөз бас айыптаушыға беріледі.

Бас айыптаушы:

- Мен  осы залда отырғандардың барлығын бұл іске мұқият қарауын сұраймын. Осы айыптаушының кесірінен болған оқиғаларды еске түсіріңдер. Сөйтіп, айыптаушыға тиісті  жазасын беріңіздер.

 

Айыптаушы:

- Анам тәрелкемен сорпа әкелуді тапсырып еді, дастарханға қоя бергенде ол, инерцияның әрекетінен төгіліп кетті де, мен ұрыс естідім. Шын мәнінде оған инерция кінәлі еді. 

Айыптаушы:

- Тайып жығылып,  аяғым ілгері кетіп, ал өзім инерцияның әрекетінен тез қозғала алмай аяғым сынды. Ауруханаға түстім.

Сот: Енді сөз қорғаушыларға беріледі.

1 қорғаушы:

- Мен, Ньютонның атынан шындықты, тек шындықты айтуға ант етемін.Егер жалған сөйлесем, онда мені бүкіл физика заңдары мен Ньютонның заңдары ұрсын. Жеңешем кілем тазалау жөніндегі тапсырмасын мен инерцияның жәрдемімен тап – тұйнақтай етіп орындап, алғыс алдым.

2 қорғаушы:

- Велосипедші жылдамдық алған соң, педальді аяғымен айналдыруын тоқтатады. Ары қарай велосипед инерцияның көмегімен қозғалады.

Сот: Сөз бас қорғаушыға беріледі.

Бас қорғаушы:

-   Залда отырған жолдастар, әрқайсыңыз инерцияның жақсы жақтарын еске түсіріп,оны қорғап алыңыздар!

Қорғаушы:

- Спортшыларға ядроны неғұрлым алысқа лақтыруға инерцияның көмегі зор. Қорғаушы:

- Менің атам ағаш ұстасы. Ол балғаны сабымен жерге ұрғанда, балға инерциямен қозғала отырып, өз сабына жақсы кіреді.

 Бас айыптаушы:

 - Құрметті сот! Қымбатты жолдастар! Инерция артық заң, оны жоюымыз керек? Ол үнемі қайындық әкеледі. Мына отырған айыпкердің кесірінен қаншама машина патқа ұшырап, қаншама қайғылы оқиғалар болып жатыр, сондықтан оған тиісті жазасын беруіміз керек. Инерцияны құрту керек, құрту керек оны!

Сот: Сөз бас қорғаушыға беріледі.

Бас қорғаушы:  

- Біз инерцияның кемшілігінен гөрі пайдалы жағының басым түсетіні үнемі назарға ұстау тиіспіз. өте жақсы жүргізуші инерцияның арқасында бензинді үнемдейді.жүріп келе жатқан транспорттың алдынан жолды кесіп өтуге болмайды. Ол өте қауіпті, машина тежелгеннің өзінде тез тоқтай алмайды. Спортта секіру, лақтыру, жүгіру кезінде инерция дүние жүзілік рекорд туғызады. Шын мәнінде инерцияға алғыс айтуымыз керек. Егер инерция болмаса, барлық планеталар орбитасы шығып кеткен болар еді. Ай Жерге, ал Жер Күнге түскен болар еді.

Сот: Сот кеңесуге кетеді.

Сот: Екі жақты да жете тыңдап сот мынадай шешімге келді.

Инерцияның көлеңкелі жақтарын, табиғат заңдарын, оның құпияларын жете зерттеп, оны адам иелігіне жаратуымыз керек. Сондықтан инерцияны айыпты деп таба алмаймыз. Инерция толық ақталды.

Осымен сот жабық деп жариялаймын.

Барлығы хормен:

Дененің басқа денелер әрекет етпегенде өзінің жылдамдығын сақтау құбылысы  инерция деп аталады.   

(Инерция – латын сөзі, ол «қозғалыссыздық, әрекетсіздік» - деген мағына білдіреді.)

Сайт создан в системе uCoz