Физика  патшалығында  

1.      Кешті өткізуге дайындық:

А) Кешке қатысатын оқушыларға физикалық трминдер мен шамалар бөліп беріліп, сол бойынша киім даярлап, өзі жайлы түсінік беруге тырысады, және өлеңді жаттайды.

Ә) Кеш өткізілетін орынды безендіріп, сахнаны дайындау.

2.      Кештің барысы: 


1-бастаушы:

Қайырлы күн қымбатты көрермен!

Сөз бастайын термелеп өлеңмен.

Тәрбиелі , білімді боп әрқашан

Өс өркенде қанат жайып кемелден.

2-бастаушы:

Табиғаттың сырын ұққан кемеңгер,

Бұл өмірден өтті дана шеберлер.

Ғалым демей кім деп оны айтарсың

Даналықтан мұра қалған өнерден.

1-бастаушы:

Физик, ғалым, астрономдар өтіпті,

Қиялменен көкке самғап жетіпті.

Табиғаттың аясында тербеліп,

Даналығын мұра етіп кетіпті.

2-бастаушы:

Ой санамда болса да балалығым,

Ғылым сырын білемін, даналығын.

Физика заңдылығын меңгертіп,

Зерделімін, білімдімін, саналымын!

1-бастаушы:

Физика патшалығы өмір сүрген

Заңдары ашылыпты дана тілмен!

Патшалыққа саяхат жасай жүріп,

әр адам табиғаттың сырын білген.

2-бастаушы:

қиыннан қиысады сөз сарасы,

табиғаттың бар болар сан-санасы,

Физика патшалығының бір өзінде,

Бар екен дана, ғалым он баласы.

1-бастаушы:

Сөз кезегін беремін «патша» сізге

Бар екен сый-құрмет бізден сізге

Ұғынып біз көрейік сіз арқылы

«Физика» құдіреті осы неде?


Патша сөзі:


Уа, жұртым тыңдаңдар!

Кештен қалып қалмаңдар.

Патшалықтың әр саласы.

Мына ортада тұрғандар!

Табиғаттан нәр алған,

Адам болып жаралған,

Мына маған бағынып,

Білімді болып саналған.

Қозғалады бар әлем.

Мына маған бағынып

Қозғалады бар әлем.

Мына маған бағынып,

Айтылады ән- әуен!

Патшалығым қарыштап,

Жетер жері алыста,

Мына маған бағынып,

Ұшты адамзат ғарышқа!

Хабар алып алыстан,

Жеткен талай табысқа

Мына маған бағынып,

Атом мен адам табысқан,

Қарыштап ғылым дамиды,

Данаға сана дариды.-

Компьютермен  қамтимын,

Толтырып әлі әр үйді!

Құдіретті күштімін!

Патшамын мен саналы.

Бөлімдерім сан-сала,

Әкелгем он баланы!


2-бастаушы:

Балалары сөз кезегін алады,

Таныс болып сіздерге сөз салады.

Әр баланың сөз өнерін көрейік,

«Молекула» саған кезек берейік.

 

 

Молекула сөзі:

Затты құрап ортаңызға оралдым,

Сүйікті ұлы патшаның мен боламын.

Жәй көзге ерекшемін көрінбейтін,

Қозғалуға ешқашан ерінбейтін

Заттардың ең кішкене бөлшегімін

Әр заттың көрінбейтін өлшемімін

Еншімді алар  едім осы кеште,

Көрінуге еркіндік берсе бүгін.

 (өзі туралы түсіндіріп кетеді)

1-бастаушы:

Бір сенен басталды өмір өзек

«Қозғалыс» саған енді келді кезек.

Қозғалыс сөзі:

Қозғалыс мен аталған бір баласы,

Зерттеген Ньютондай ер данасы

Бар әлем мен арқылы нұрланады,

Бар әлем мен арқылы қозғалады,

Қозғалу алға ұмтылу, қалмау кейін

Оқы үйрен заңдарды қойып зейін.

Ғарышқа барып кейін отырарсың,

Бұдан артық мененді не тілейін.

2-бастаушы:

Келді кезек «Жылдамдық» бір өзіңе

Құлақ қойып тыңдайық әр сөзіне!

Жылдамдық сөзі:

Қозғалыс тездігін мен сипаттаймын

Өзімді мен әлсізге ұқсатпаймын.

Желаяқ желдей ессе зымырайды

Шындасам «күш» өзің ұстатпаймын

Шығады басқалардан асқақ әнім,

Уақыт пен жол дегенді басқарамын.

1-бастаушы:

Өмірге жол бастайтын болып өзек,

«Жол» саған, міне, енді келді кезек.

Жол сөзі:

Мен патшаның ұлымын,

Көп ұлының бірімін.

Жолың болсын жолаушы

Жол аталған ұғыммын.

Жылдамдық пен уақыт,

Сыйлайды  маған  мол  бақыт!

Сәтті  күні  әрқашан

Маған  сен  де  жолға  шық!

Жол  боламын  атақты.

Патшаның  бір  ұлымын!

Жолың  болар  жолаушы,

Білсең  жолдың  ұғымын!

(Жолдың  өрнегін  жазып  ережесін  айтып  береді).

2-бастаушы:

«Уақыт»  саған  сөз  бердім,

Сөз  алып  кәне,  ерлегін.

Уақыт  сөзі:

Өткені  ешкімге  де  сезілмейтін,

Ұлымын  уақыт  атты  білінбейтін.

Өлшемім  сағат,  минут,  секунд  болған

Көзіңе  елес  болып  көрінбеймін.

Уақыт  бос  өтпесін,  оқы  достым!

Жасыңа  әр  жыл  сайын  бір  жыл  қостым!

Ғасырға  қадам  бастық  мен  арқылы,

Міне,  менің  құдіретім,  осы  достарым!


1-бастаушы

Массаны енді тыңдайық,

Қоя тұрып басқаны

Ауырлау да мінезі

Масса асып саспады.

Масса сөзі:

Патшаның мен ардақты

Ұлымын міне жан-жақты,

Удеуге мені көбетсең,

Білдіремін салмақты. (Өрнегін жазады.)

2-бастаушы

Көлдей болған көлемнің

Бар екен, қандай өнері

Сөз кезегін алады

Ортаға барып салады.

Көлем сөзі:

Патшаның сүйікті қызы,

«Көлем» атым!

Қызыл тілім жасқанба,

Сөйле батыл!

Масасны тығыздыққа бөліп ьерген,

Көлемнің ерлігімен,

Шыққан аты! (Ережесін айтады)

1-бастаушы

«Тығыздық» тұр  шыдамай

Айналаға ұнамай

Ал сөйлесін тығыздық,

Сөз төркінін қуалай.

Тығыздық сөзі:

Патшаның мен ұлы едім тығыздық  атым,

Денені салыстырған салтанатым.

«Тығыздық» мен боламын ұғына біл!

Салыстырып әлемді шыққан даңқы.

Денең де тығыз болсаң, шымыр болсаң

Бұлшық ет бұлтиып бір күшке толса,

Тығыздық құдіретін түсінер ең,

Басыңа физикалық білім қонса!


(Өрнегін жазып, кестеден тығыздықты көрсетеді)


2-бастаушы

Патшаның «Күш» аталған  құдіретті

Бар екен бір ьаласы ақ ниетті

Берейік сөз кезегін күш өзіңіе,

Көрсетіп өз күшіңді сөйле епті.

Күш сөзі:

Патшаның баласы едім өзім епті,

Қозғауға барлық затты күшім жетті.

Мен арқылы қозғалып барлық дене,

Атандым әрі күшті, әрі текті.!

Мен арқылы тартылып барлық ғалам

Өрекпіп өр көңілім оттай жанам

Жететін маған кім бар кел  ортаға,

Жетілді білім алып ой мен санам.

1-бастаушы

Патшаның «Қысым» атты баласына

Сөз кезегі келіті данасына

Қысым сөзі.

Патщшаның баласы едім «Қысым» атты

Жалғайтын бабалардың дәстүр салтын,

Зерттеген Паскаль атты мені дана

Дарынды,  ғажап неткен парасатты.

Мен едім қысым деген қызық атым,

Денелер еркін тұрмай қысылатын,

Көмегім бар екен-ау табиғатта

Қысымды көбейтуді ұсынамын!

(Қысымды өлшейтін құралмен таныстырады.)


2-бастаушы

            Қымбатты білімді жас өрендер! Сіздер «Физика» атты патшалыққап саяхат жасағандай әсерде болып, Физика патшасымен және оның сан-саласы ретінде танысқан он баласымен жүздестіңіздер! Ендігі кезекте физика патшасының қазынасынан кім көбірек енші алады деген ниетпен топ болып сайыс ұйымдастырылады.

            1-топ- Мұрагер, 2-топ –Мирас деп аталып, әр топқа бес-бестенпатша балалары қатысады.

1)     Кім көп біледі?  Бұл бөлімде әр топтан топ басшылары шығып физикалық өрнектерді жазып жарысады.

2)     «Құпия сандықтағы» сұрақтарға топ мүшелері кезектесіп жауап береді.

3)     Алдын-ала дайындалған физикалық тәжірибелерді түсіндіру.

4)     Сазды үзіліс ретінде әр топтан музыкалық сайыс.

5)     Кім жылдам? Тақтадағы тестік тапсырманы орындайды.

6)     Көрермендер беретін сұраққа жауап беру. Әр топқа 3 сұрақтан беріледі.

7)     Есеп шығаруға қалайсың? Есептер беріледі.

1-бастаушы

Топ сайыстан қорытынды шығару патшаның жан жары «Табиғат Анаға» сөзберіледі.

2-бастаушы

Ақылмен ие болған салтанатққа

Білмеген дандайсуға атақ-даңққа,

Берейік сөз кезегін  құрметпенен

Патшаның жан жолдасы «Табиғатқа»

Табиғат сөзі:

«Табиғат» аталған мен данасымын,

бұл күнде он баланың анасымын.

Оның орыны бөлек әр қайсысы,

Көзімнің ағы менен қарашығы,

Табиғат пен тіршілікке сән беремін.

Адамға қуат болар нәр беремін,

Бар ғалам бір өзімнен бастау алған

Тіршілікке сән-салтанат әрр беремін, - дей келіп, «Сыйқырлы сандықшаны» ашып, топ сайысына қатысқан балаларына әр-түрлі тарту таралғысын ұсынады.

Жұмбақ есеп


1.      Алтындалған тағым бар,

Күмістелген шарым бар,

Ауыр ма, әлде жеңіл ме?

Салмағын кәне табыңдар

2.      Еститін таң алдында бұл-бұл үнін,

Хан қолында тұрыпты бір қыз сұлу.

Қызға арнап алтын алқа соғу үшін,

Кетті екен есептейік қанша жылу?

3.      Хабар алған алыстан,

Екі өріс табысқан. (Электромагниттік өріс)

4.      Жәй көзге көрінбейді,

Қозғалуға енінбейді? (Молекула)


1-бастаушы

Мына өлеңмен аяқтайды:

Физика қызықты талайға

Саяхат жасалды  сараййға

«Құпия сандық» ашылды,

Білімнің шуағы шашылдды!.

 

 

Сайт создан в системе uCoz