«Ойнайық та ойлайық» ойын сауық кеші
«Ойнайық
та ойлайық» әуеніне
мынадай түрдегі ән
шырқалады.
Қош келіпсіздер, мына ойынға барша қауымым, барша қауымым, қауымым!
Аңсайсыздар ма,
жаздың жемісін, қарбыз қауынын?
Ол күнге жету сірә, жолдастар ерте емес пе?
Ойын -жарыспен өткізейік біз көктем шуағын!
Ойнайық, ойлайық
та ойнайық!
Қатардан артта
қылып қоймайық,
Белсенді болайық
ортада
Уақытты тектен
текке жоймайық!
Ойнайық, ойлайық
та ойнайық!
Білімділік көрсетейік
сынайық,
Жеңсе де, жеңбесе
де ренішсіз болайық,
Қаймықпай көңілді
боп тарайық!
1-жүргізуші: Қайырлы кеш, қадірлі көрермендер! Баршаңыз
да «Ойнайық та ойлайық»
ойын-сауық кешіне қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: қай сабақ
немесе кеш адамның қатысуынсыз өтпейді. Сондықтан бүгінгі кешімізге 2 топ қатысады.
1-жүргізуші: Ендеше сол 2 топты ортаға
шақырамыз.
2-жүргізуші: Ал қазір ойын шартымен таныстырып
өтейін.
1.
Амандасу рәсімі.
2.
«Кім шапшаң»
сайысы.
3.
Айтыс
4.
«Компьютер елінен» көрініс.
5.
«Байқағыштығыңды
байқат!» сайысы.
6.
Есеп эстафетасы
7.
Жанкүйерлер сайысы.
1-жүргізуші: Сайыпкерлеріміздің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасын сайлаймыз.
2-жүргізуші:
Кезек, келіп, өжеттеніп,
Сөз аппын,
Танысалық, ғажап
ойын,
Ғажап күн!
Тегіміз бір,
батырақ та,
Бай да емес,
Емеспіз бе,
азаматы қазақтың!
–демекші командалардың
амандасу рәсімі.
1-топ.
Гүлденіп жасаруда
бүкіл әлем,
Жаңарып жұл
ойынға менде келем.
Жастардың достық
туын тіккен кешке
«Бейсиктен» «Болашаққа»
мың бір сәлем!
2-топ.
Ойын ойнап, ән салмай
Өсер бала болар
ма?
Ойын –сауық жасамай
Жастар жолы болар ма?
Құпиялы сандықтың
Кілтін аша алар ма?
Білім мұхит кемесін
Мінер ұрпақ болар ма?
Осылай ой толғайтын
Болашақты болжайтын.
Жас тобымнан «Бейсикке»
Сәлем беріп
алайын!
Барша адамдар жиылған,
Сіздерге әнім
ұнай ма?
Компьютер заманы
әлде қатты
қинай ма?
Білгің келсе
ол жайлы
Дұрыс қара
жарысты
Құстай ұшқан
жаңа ойды
Қожынға сал көп
қацым!
2-жүргізуші:
Біздің күнделікті
іс-әрекетіміз білімге,
оқуға, үйренуге
бағытталған. Бірақ менің ойымша бұл қасиеттерге қоса адамға шапшаңдық та қажет.
Келесі сайыс түрі- « Кім шапшаң?»
1-топ:
1.
Ақпарат көлемін анықтау мөлшері.
2.
Информатика ғылымының негізгі
құралы.
3.
Алгоритм қадамы.
4.
Алгоритм командасы.
5.
Программаны орындау үшін қандай перне
басылады.
6.
Бейсик тіліндегі меншіктеу операторы
7.
НЕМЕСЕ логикалық операциясы.
8.
Есептеу машинасының жұмыс істеу
принципін анықтаған
кім?
9.
ЭЕМ дамуының
5-кезеңіндегі элементік база.
10.
2санының екілік коды.
11.
ЭЕМ-ді алғаш оқытуға қолданған кімм?
12.
Қағазға басып шығару құралы.
13.
Қазақстанда неше облыс бар?
2-топ:
1.
Информатика ғылымы нені зерттейді?
2.
Алгоритм аргументері.
3.
Ең көп тараған программалау тілі.
4.
Бейсик тіліндегі енгізу операторы
5.
ЖӘНЕ операциясының
элементі.
6.
Ең алғашқы програмист.
7.
Ресейдегі алғашқы ЕЭМ.
8.
ЭЕМ дамуы неше кезеңнен тұрады?
9.
Информацияны өңдеу құрылғысы.
10.
Облыс әкімі.
11.
2002 жылдың статусы
қандай?
12.
Көлемі кішкентай есептегіш машина.
1-жүргізуші:
Келесі сайыс түрі
-айтыс. Мұнда сөз тіркесі беріледі. Бір топ мақтайды, екіншісі даттайды. Тақиаға «Компьютерлік ойын» сөзі ілінеді.
1-топ. Копьютерлік
ойын баланың ақыл-ойын
дамытады.
2-топ. Компьютерлік
ойын баланы қызбалыққа, жүйелі
ойламауға тәрбиелейді.
1-топ: Баланың ойлау қабілетін күшейтеді.
2-топ: Компьютерде
ұзақ отыру ультракүлгін сәулелерді
көп жұтады.
1-топ: Қорықпай
жұмыс жасауға үйретеді.
2-топ: Көз
көру қабілеті нашарлайды.
1-топ: Шапшаңдыққа,
тапқырлыққа тәрбиелейді.
2-топ: жаттанды
жұмысқа үйретеді.
1-топ: Білімге
құштарлығын оятады.
2-топ: Робот тәрізді жұмыстануға
баулиды.
1-топ: жасына
сай әрккет жасауға бейімдейді.
2-топ: Электр энергиясын үнемдемейді.
2-жүргізуші: Ән -көңілдің ажары дегендей әнге кезек берелік. «Сандар» туралы дастан.
1-жүргізуші: Әр нәрсенің өзіне ән шығу тарихы,даму кезеңі бар, сондай-ақ олардың қолдану ортасы бар. Міне, осындай түсінік беретін театр көріністерін
құрастырып, дайындау тапсырмасын
тамашалайық.
1-топ: «ЭЕМ-нің даму кезеңдерінен.»
1.
Көлемі үлкен ЭЕМ; жанында
1-кезең деген жазуы бар. Машина жанында бірнеше шаршаған програмистер жүр. Кейде машинаға, кейде қағазға үңіледі.
2.
ЭЕМ сәл кішірейген. 2-кезең деген жазу
бар. Прогрмист ұзын
перфокарта түріндегі программаны
машинаға ұсынып
жатыр, машина аузын ашып тұр.
3.
ЭЕМ үстел жанында тұр. 3-кезең
деген жазуы бар. Бейсик, Паскаль, Алгол кітаптары жатыр. Програмист соларды парақтап программа жазуда.
4.
ЭЕМ күліп
тұр.4-кезең деген жазуы бар. Жас прогрмист де көңілді,
программаны орындаған
машина, нәтижесін экранға
жазып тұр.
5. ЭЕМ бұйрық күтіп тұр. 5-кезең деген жазуы
бар. Программист «School» сөзін енгізеді.
Машина аудармалап «Мектеп» деп жазады.
2-топ:
«Робот темір жол бекетінде»
Роботтан бір жолаушы келіп
, Алматыға
Петропавл қаласынан
бүгін жүретін пеоздың қашан аттанатынын сұрайды.
Робот: 15.45 те жолаушы поезы, 23.15 те жук тасыымал поезды аттанады.
Жолаушы: Жолаушы поезының билет құны қанша?
Робот: 2470 тенге, купеге 3555 тенге.
Жолаушы: Уақыт жергілікті ме?
Робот: Жоқ,
Астаналық.
Жолаушы: Рахмет, Робот!
Робот: Жолыңыз
болсын, жолаушы!
Жолаушы кассадан билет алып, поезға мінеді. Робот те кетеді.
1-жүргізуші:
Компьютер
мектепте, оқу-тәрбие
процесінде кеңінен қолданылады. Осы орайда
информатика сабағында алгоритм ұғымын қалыптастыру
мақсатында көптеген
мысал келтіруге болады. «Ешкі мен қасқыр» ертегісі:
2-жүргізуші:
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағын да өмірдің ,
Айыра біл, тапсырмаңды алдағы. Суреттегі айырмашылықты 1мин-тауып, тізіп
беру керек.
2-жүргізуші:
Мықты болсаң- алдағыны басып оз.
Мықты болсаң- арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң- шоқалаққа
сүрінбе,
Мықты болсаң- тайғанама көк мұзда
Мықты болсаң- бөгеттерді бұзып өт!
Мықты болсаң- заманыңды көктеп өт!
Келесі сайыс
– есеп эстафетасы. Мұнда әр топ есептің амалын кезектесіп орындайды. Уақыт шектеулі.
Әділ қазылар қорытынды шығарғанға
дейін жанкүйерге
сөзжұмбақ беріледі.
Сөзжұмбақ.
1.
Информацияны өңдейтін машина.
2.
ЭЕМ-де орындалатын машиналық тіл.
3.
Әлемде кең тараған программалау тілі.
4.
Басып шығару құрылғысы.
5.
0 мен 1 дің тізбегі.
6.
Зердеде сақталатын ақпарат бөлігі.
7.
IBM орналасқан ел.
8.
8 бит.
9.
Ақпаратты сақтау құрылғысы.
10.
ЭЕМ-нің негізін қалаушы.