Тестік технология
Оқушылар білімін, білігін және дағдысын
тексеру – оқыту үрдісінің
ең маңызды бөлімінің бірі. Ол оқушының үлгерімін қадағалау
арқылы іске асады. Жүйелі түрде тексерудің диагностикалық,
білім беру және тәрбилік маңызы зор. Дидактикалық белгілеріне қарай білімді
тексеру күнделікті, алдын-ала,
қорытындылау деп
бөлінеді. Әдістеме
бойынша ауызша, жазбаша
және эксперементтік деп
бөлуге болады. Оқушылар білімі мен білігін
тексерудің түрлі формаларының
ішінде, соңғы кезде басты орынды
тест бойынша тексеру алып отыр.
Тест ағылшын
сөзі (test) аударғанда байқау, бақылау,
зерттеу деген мағынаны білдіреді.
Педагогикада тест пайдалану
130 жылдан астам уақытты қамтиды. Ең алғашқы тестіні 1864 жылы ағылшын Джодж Фишер
құрастырып, оны Гринвич госпиталінде пайдаланған. Содан бері білімді тестік
жүйемен тексеру Америка, Франция, Англия сияқты елдерде кеңінен тараған. Білім деңгейін тест
арқылы тексерумен айналысып
жүрген ғалым-педагогтар,
тест – оқушылардың өз-өзін
тексеруге мүмкіндік ашатын есеп беру, оқыту әдісі деп есептейді. Сондықтан бұл әдіс сабақ үрдістерін бір-бірімен
байланыстырып қана қоймай, білімді тексеру, бекіту,
қайталау, жүйелеу
құралы болып отыр. Тағы бір тиімді
жағы уақыт үнемделеді, оқушылар қызығып, белсенділігі артады. Тест тапсырмаларын құрудың
әдістемесіне тоқталайын. Жұмыс тестің мақсатын анықтаудан басталады. Одан соң тексерілетін білім, білік элементтері анықталып, әр түрлі кезеңде
білім берудің жалпы және дара мақсатымен
деңгей эталондары нақтыланады. Тест тапсырмаларының
қандай түрін болмасын сұрақ не тапсырма ретінде бергеннен гөрі қайтарылған жауапқа
байланысты бекіту,
қорытынды ретінде құру
тиімді болады.
Тестік тапсырмалардың әр түрлі типтері
болады. Олар: толықтыру
тесті, еске түсіру, балама, таңдау, салыстыру, ретімен маңызына қарай тізбелеу, құрастырмалы, кәсіптік бағдарлы
тестілер.
Тест тапсырмаларының жауабын
цифр немесе перфокартаның көмегімен
беруге болады. Перфокарта дәптер парағының
көлеміндей қаттылау
қағаздан жасалады.
Онда тік бағытты тапсырма, ал көлбеу бағытта жауаптары орналастырылады. (3-5 жауап).
Содан соң екі бағыт
қиылысқан тор көзден
дөңгелетіп көзше ойылады.
Тапсырма |
Жауап |
||||
|
а |
ә |
б |
в |
г |
1 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
2 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
1. Ашық тапсырма
немесе толықтыру тесті
– сөйлемдегі жетіспей тұрған сөздің сөз тіркесінің, сандар мен формулалардың орнындағы
көп нүктенің
тиісті жауаппен алмастырады.
Мысалы:
Динамика тарауын өткенде:
1. Инерциялы санақ жүйелері деп…
2. …
құбылысын инерция деп
атаймыз.
3. Дене массасы
оның … өрнектейтін
шама.
4. Күш – бұл… . Ол
- … тең.
5. Дене бір-біріне … тең, ал бағыттары бойынша … әсер
етеді. Ол…
2. Еске түсіру
тесті – сөз,
сан, формула, бейне түіндегі
бір ғана
жауапты керек етеді.
«Сұйықтардағы электр тогын»
өткенде:
1. Зат бөлшектерінің
суда ерігенде иондарға
ыдырауы қалай аталады?
2. Электролит
дегеніміз не?
3. Электролит
ерітіндісі арқылы ток өткенде
электродта зат бөліну не деп аталады?
4. Электролиз
заңының формуласы:
5. Электролиз
құбылысы қайда қолданылады?
3. Таңдау тесті – онда сөйлемнің
басы беріледі де, соңынан
бірнеше үлгелері жауап ретінде ұсынылады,
оның ішінде дұрысы да, қатесі да бар. Дұрыс жауап нөмірін
карточкаға белгілеп көрсетуге болады.
«Электромагниттік толқындар» тақырыбына
мысал келтірейік:
1. Электрмагниттік толқын дегеніміз не?
A. Кеңістікте таралатын айнымалы магнит өрісі.
B. Кеңістікте таралатын электр өрісі.
C. Кеңістікте таралатын өзара байланысқан
және периодты түрде
өзгеріп отыратын
электр мен магнит өрісінің жүйесі.
2. Сәуле шығаратын тербелмелі контурдағы конденсатор сыйымдылығын
екі есе ұлғайтқанда
электромагниттік толқын ұзындығы
қалай өзгереді.
A. Екі есе
қысқарады. В.Өзгермейді. С.Екі есе ұзарады.
А. Көбейеді. В. Азаяды. С. Өзгермейді.
А. Тұрақты жылдамдықпен.
B. Шеңбер бойымен бір қалыпты.
C. Түзу сызықты үдемелі
қозғалыспен.
D. Үдемелі.
Периодты. В.Жиілігі С.Амплитудасы Д.Жылдамдығы
4.
Балама тесті – Қандай да бір
ұғымды растайтын
сөйлемдерден құрастырылады.
Жауап дұрыс
немесе қате, немесе жоқ
түріндегі сөздермен
беріледі.
5.
Салыстыруға
арналған тест – ол да бір бағанада тапсырма тек сөйлеммен, ал екінші бағанада берілген сұрақтан екі-үш
есе көп жауап беріледі.
Мысалы Электр құбылысын
өткенде:
1.
Электр
тогы дегеніміз не? 2.
Электр
тогын сипаттайтын шамалар 3.
Ом заңы 4.
Джоуль-Ленц
заңы |
1.
Ток күші, кернеу,
кедергі 2.
Гальвани, Вольта элементі 3.
U=IR 4.
I=U/R 5.
Зарядталған бөлшектердің бір беткей
қозғалысы 6.
Q=Urt 7.
Q=I2Rt |
6. Ретіне қарай тізбелеу тесті құбылыстар, шамалар, сипаттаммалардан тұрады.Оларды тәртіппен, яғни маңыздылық мөлшері
бойынша реттеу керек .Берілген
тізім жауаптың құралуына негіз боладыю.
Мысалы, астрономиядан «Күн жүйесіндегі денелердің табиғатын»
оқытқанда:
1. Планеталардың ең үлкенінен кішісіне
қарай орналастыр.
2. Планеталарда массаның азаюы ретімен тізбелеп
көрсет.
3. Планеталарды серіктерінің
санына қарай орналастыр.
Жауапқа негіз болатын материал: Меркурий,
Шолпан, Жер, Марс, Юпитер,
Сатурн, Уран, Нептун, Плутон.
7. Құрастырма
тест - әр түрлі типтегі тапсырмалардан тұрады.
Оқушылар оның жауабын
берілгендердің ішінен
таңдайды.
« Жылу құбылыстар» тақырыбын өткенде
1. Дененің ішкі энергиясы қандай физикалық шамаларға тәуелді?
А. Дененің массасы мен жылдамдығына
Дененің температурасы мен массасына
Дененің қозғалыс жылдамдығы мен температурасына
2. Бөлмені батареямен жылытқанда жылу берілудің қай тәсілі
көп роль атқарады?
A. Жылу өткізгіштік В.
Конвекция С. Сәуле
шығару
3. Қандай температура 00С деп есептеледі?
А. Мұздың температурасы
C. Еріп кеткен мұздың температурасы
4. m кг отынды жаққанда бөлінетін
жылуды қалай есептейді?
А. Q=qm B. Q=λm C.Q=cm∆t
5. Күн энергиясы жерге
жылу берілудің
қандай тәсілі
бойынша жеткізіледі?
6.
Кәсіби бағыттағы тест – онда сұрақпен қоса өтілген тақырыбымен
қандай да бір мамандықпен байланысты мағлұматтар беріледі.
«Әр
түрлі ортадағы электр тогы»
тақырыбын өткенде,
оқушы берілгендердің
ішінен дұрыс жауапты таңдауы керек.
Жартылай өткізгіштіктерді
ғылымды, техникада, тұрмыста кеңінен
қолдану, бұл материалдардың
мынадай қасиеттеріне орай екені белгілі:
А. Жартылай өткізгіштердің
кедергісінің температуралық
тәуелділігі өзгеше,
температура ұлғайған сайын олардың кедергісі азайып, өткізгіштігі
арта түседі.
C. Жартылай өткізгіштердің
өткізгіштігін қоспалар қосу
арқылы барынша арттыруға
болады.
D. Зарядтағы еркін тасымалдаушылар пайда болу
үшін p-n ауысуы бар жартылай өткізгіштерге
қоспалар енгізіледі. Сондықтан жартылай өткізгішті құралдарда арнайы ток көзі болмайды,
олардың схемалары шағын электроэнергиясын үнемдеуге қол
жеткізеді.
Тест оқушылардың білімін
салыстыруға, мұғалім әдістемесінде жіберілген
олқылықтарды ашып көрсетуге, білім беру жүйесінде
оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге, әр түрлі
оқу әдісін салыстыруға мүмкіндік туғызады.