«Жарық дисперсиясы»
Сабақ тақырыбы: Жарық дисперсиясы
Сабақ мақсаты: Дисперсия құбылысын тұжырымдап,
табиғаттағы дисперсия құбылысын
түсіндіру. Оқушылардың қызығушылық және ойлау қабілетін дамыту.
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жаңа материалды түсіндіру.
3. Жаңа материалды бекіту.
4. Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа материалды түсіндіріп
, дисперсия құбылысына мысалдар келтіру арқылы
оқушылардың алған
білімін бекітеміз. Мысалы:
1. Кемпірқосақтың пайда болуы.
Жарық жаңбыр тамшыларына түсіп, шағылып аспанда жарық шоқтарының
жіктелуінен кемпірқосақ пайда болады.
2. Шөп пен жапырақтың түсі жазда жасыл боп, күзде
сары боп көрінеді. Жазда жапырақ жасыл түстен басқасын шағылдырады, ал күзде
сары түсті шағылдырады.
Қызыл арай сары алтын шатырына
Күннің кешке кіргеннін
көрлі көзім.....
Абай.
Сұрақ.
1. Күн батарда немесе шыққыанда қызыл
арай неліктен көрінеді? Бұл
қандай физикалық құбылысқа
жатады?
2. Жарық түсі жарық толқын ұзындығына тәуелді
ме?
Үй тапсырмасын тексеру
үшін «Физика еліне саяхат»
ойынын ойнаймыз.
1.
Ойшылдар ауылы.
А) Викториналық
сұрақ.
1. Жарық қандай түстерден
тұрады?
2. Аспан түсі неге көк?
3. Алыстан күн күркірейді. Дыбысын ба, әлде жарқылын бұрын көреміз бе?
4. Қандай жағдайда беті жылтыр емес дененің көлеңкесі
толық түседі?
5. Біртекті ортада жарық қалай таралады?
6. Сағым қалай пайда болады?
Б) Жұмбақ
шешу.
1. Бояуларым қашып кетті
Көк қағазды басып
кетті.
Қатарларын тізіп алып,
Арттарында ізі қалады. (кемпірқосақ)
2. Қусаң қашады,
Қашсаң
қуады. (көлеңке)
2.
Тапқырлар ауылы.
Күннен неге түсіп тұүр неге мұнша
жарық,
Сегіз минут шерікте жерге барып. (Шәкәрім)
Сұрақ:
А) Күн сәулесі қандай жылдамдықпен
таралады?
Б) Күн сәулесі Жерге 8 минутта жететінін дәлелде?
№1005, 1021 есептер шығарамыз.
3.
Құқық ауылы.
А) Жарықтың
шағылу заңы
Б) Жарықтың
сыну заңы
4.
Фантазиялар ауылы.
Плакатқа жазылған сөздер
мен цифрларды, суретті пайдаланып физикалық мағанасы
бар әңгіме құрастыру.
340 жарық1675
сағым 300000 дыбыс.
5. Ашылмаған құпиялар
ауылы.
А)
Сөзжұмбақ шешу.
|
1 |
|
|
О |
|
|||||||
2 |
|
|
П |
|
|
|
|
|
|
|
||
3 |
|
|
Т |
|
|
|
|
|||||
|
4 |
И |
|
|
|
|
||||||
5 |
|
|
|
|
К |
|
|
|
|
|||
|
6 |
А |
|
|
|
|||||||
1. Жарық жылдамдығын ашқан француз физигі.
2. Жарықтың сыну көрсеткішінің сыну көрсеткішіне
тәуелділігі.
3. Ағылшын физигі.
4. Табиғат туралы ғылым.
5. Дүние жүзіндегі ең биік телемұнара.
6. «Қисық ағаштың көлеңкесі
де қисық» физикалық мағанасын түсіндіру.
(Физикалық мағынасы
- көлеңке пайда болуы
және жарықтың түзу
сызықты бойымен таралуы.)
7. Сиқыршылар
ауылы
Тәжірибе көрсету.
Тәжірибе;
Бітеу шыны ішіне қарындаш
салып, оны бос стақанға саламыз. Стақанға су құйып, шыны ыдыс ішінде қарындашқа
су беті арқылы қарайды.
Неліктен қарандаш көрінбейді, ал шыны ыдыс беті жарқыраған
сияқты болып көрінеді.
Шыны ыдысқа аздап суқұса, енді қарындаштың біраз бөлігі көрінеді. Түсіндіріңдер.