Жарық толқындарын қайталау сабағы

 

Сабақтың тақырыбы: «Жарық толқындары» тарауын қайталау

Сабақтың мақсаты:  Жарық толқындары тарауы бойынша оқушылардың алған білімін тексеру, белсенділігін , пәнге қызығушылығын , оқуға ынтасын арттыру.

                                       Оқушыларды көпшіл болуға үйрету , өз білімін ғана емес , басқа оқушының  білімі үшін жауапкершілікке дағдыландыру, өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Сөз жұмбақ, қабырға газеттері , бейнетаспа арқылы тәжірибе

көрсету, жеке кеспе қағаздар.

Сабақтың түрі: Қайталау - жинақтау сабағы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап.

Пән аралық байланыс:  Әдебиет , математика.

Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа ұйымдастырып:  «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін»-

деген ұранмен сыныпты төрт топқа бөлемін.

Бірінші: « Дисперсия» тобы

Екінші:  «Дифракция». Тобы.

Үшінші:  «Интерференция» тобы

Төртінші . « Поляризация» тобы.

  1. Қайталау сабағының мақсаты мен міндеттері түсіндіріледі.

      Жарық, жарық толқындарының қасиеттері

-         олардың жалпы тұжырымдамасы,

-         қандай ғалымдар анықтағаны ,

-         жасалған тәжірибелері,

-         қолданған құралдары ,

-         қолданылатын жерлері туралы қойылатын сұрақтарға әр топ өзіне тиісті

жауап беру керек

  1. Білімдерін тексеру кезеңдері.

Алдымен Оптика бөлімін қаншалықты меңгергендерін  білу үшін төмендегі

сөзжұмбақ шешіледі.

1.      Жарықтың жылдамдығын ашқан француз физигі.

2.      Жарықтың сыну көрсеткішінің жарық түсіне тәуелділігі .

3.      Жарықтың дисперсиясын ашқан ғалым .

4.      Табиғат туралы ғылым.

5.      Жарық толқындарының қасиеті.

6.      Тіршілік жоқтың қасы.

Сөзжұмбақтың соңынан мынадай жалпы топтарға сұрақтар қойылады

1.Геометриялық және толқындық оптика дегеніміз не?

2 Жарықтың адам өміріндегі ғылымның дамуындағы мәні қандай?

3.Жарық жылдамдығының сан мәні неге тең ?

4 Жарықтың қандай заңдарын білесің ?

Әр топ өзіне тиісті сұрақтарға жауап беру керек.

1.      Жарық толқындарының қасиеттерінің тұжырымдамасын айтып бер.

2.      Жарық толқындарын ашқан ғалымдар кім?

3.      Жарық толқындарының қасиеттеріне жасалған тәжірибелерді айт.

4.      Жарық толқындарының қасиеттеріне қолданылатын қандай құралды білесің?

5.      Қолданылатын жерлері қандай?

      Әр топ өздері шығарған қабырға газеттерін қорғайды

      Әр топқа есептер беріледі .

      №1. Фокус аралығындағы 20см. жинағы линзаның оптикалық күшінің абсолют

     мәні неге тең?

     А.0,2 дптр: Б. 20 дптр: С.5дптр: Д.0,05дптр.

     №2 Шағылған  сәуле  түскен сәулемен 500 бұрыш үшін, сәуленің түсу бұрышы

қандай болу керек?

А.200;    Б. 250 ;       С.400      Д. 500.

  №3. Дифракциялық тордың 1мм ұзындығында 100 штрих бар. Дифракциялық  тордың

периоды қандай?

  А.  D=100 мм;                             Б. D=10-5м;

  C.  D=1мм;                                  Д. D=10-3м.

№4. Ортаның сыну көрсеткіші 2-ге тең .Осы ортада жарық жылдамдығы неге тең?

  А.1,5*108м/с;                                Б.140м/с

  С. 1,4*10м/с;                                Д. 150м/с

Есептер шығарылғанға дейін топ басшылары бейне таспадан жарық толқындары

қасиеттеріне жасалған тәжірибелерді көрсету арқылы тарауды қорытындылайды.

    Тарауға байланысты жұмбақтар шешіледі:

Жарқылдан соң жаңағы

Суға бөкті бар алып.

Көкте түрлі жолақты,

Өрнек тұрды ғаламат (кемпірқосақ)

 

Күндіз қасыңнан қалмайды,

Бірақ, ешкім ұстай алмайды.

Қорқақ па? Қараңғыға бармайды. (көлеңке)

 

Алпыс кісі аяқтасты,

Ерте тұрып таяқтасты. (кірпік)

 

Хабар алған алыстан

Екі өріс табысқан (Электромагниттік толқын).

Сабақ соңында топтардың берген жауаптарына қарай, оқушылардың білімі бағаланады.

Үйге тапсырма беріледі.

    

      

Сайт создан в системе uCoz