Қозғалыс заңдарын қайталау (динамиканы қайталау)

 

Сабақ тақырыбы: «Динамика» тарауын қайталау

Сабақ мақсаты:

Білімділік: тарау бойынша алған білімдерін жүйелеу, қорытындылау, білімдерін жадына сақтау, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу, осы заңдардың қоршаған ортада бар екеніне көз жеткізу.

Дамытушылық: сандық, сапалық есептер шығару арқылы ой-өрістерін арттыру, шығармашылыққа баулу.

Көрнекілігі: ньютон портреті, штатив, жүктер жиынтығы, динамометр, жіп, қатты қағаз.

Сабақ жоспары:

  1. Қайталау- оқу анасы.
  2. Кім жылдам.
  3. Білсең де тексер.
  4. Қызықты сұрақтар.
  5. Іздеген жетер мұратқа жүрісі.

 

Ұйымдастыру кезеңі:

a)     Оқушыларды 3 топқа бөлу.

b)     Сабақтың мақсаты, жоспарымен таныстыру

c)      Қойылған сұрақтар ұпай санымен бағаланады.

I.                    Бөлім. «Қайталау- оқу анасы.»

1-топқа. Ньютонның 1-заңын қоршаған ортамен байланыстыра отырып түсіндіру.

2-топқа. Ньютонның 2-заңын тұжырымдап, формула арқылы беру.

3-топқа. Ньютонның 3-заңын түсіндіру, күнделікті өмірдегі мысалдар арқылы мәнін ашу.

 

II.                  Бөлім. «Кім жылдам.»

Әр топқа бір сапалық және бір сандық есеп беріледі. Оқушылар дәптерлеріне шығара бастайды. Дұрыс және бірінші шығарылған есеп бағаланады.

1-топқа.

1. Су түбінен шығып жатқан ауа көпіршіктеріне әсер етуші күштердің қатысы қандай болғанда көпіршіктердің қозғалысы бір қалыпты болады?

2. 40Н күш денеге 0,6 м/с2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 1 м/с2 үдеу бере алады?

2-топқа

1. Автомобиль горизонталь тас жолмен двигатель сөндірулі тұрғанда бір қалаыпты қозғалыс жасай ала ма?

2. Масасы 10гр дене 2 км/с2 үдеумен қозғалғанда  әсер етуші күш неге тең?

3-топқа

1. Сүңгуір қайық су түбінде қатты жерде тұрғанда қандай денелердің әсерлері теңгерілетінін түсіндіріңдер.

2. 1кН күштің әсерінен 5 см/с2 үдеумен қозғалып келе жатқан дененің массасы неге тең?

 

III.                Бөлім. «Білсең де тексер»

      Әр топтан тапсырманы орындауға бір оқушы шығарылады. Денелердің инерттілігіне, күш әсерлерінің теңгерілуіне байланысты тәжірибелік тапсырмалар таратылып, 2 мин соң жауаптары тыңдалады.

IV. Бөлім. «Қызықты сұрақтар»

1-топқа.

Ньютонның 3-заңы  бойынша , ендеше, неліктен атқа жегілген арба   бағытта жүретінін түсіндіріңдер.

2-топқа

А. П.Гайдар «Чук пен Гек» «көңілдене ысқырып, орнынан ұшып тұрған олар, шананы жұлқи тартқан кезде шөпке құлап түсті»

3-топқа

А. Байтұрсыновтың аударған «аққу, шортан мен шаян» өлеңіндегі жүктің, бар күштерімен тартсадағы, әлі күнге дейін орнынан қозғалмау себебін механика тұрғысынан түсіндіріңдер.

 

V. Бөлім. «Іздеген жетер мұратқа»

            Әр топқа Ньютонның 3 заңына байланысты тірек- сызбалар, кестелер құрастыру арқылы қорытындылау тапсырылады.

Топқа бөлініп, жарыса жұмыс істеген оқуышлар сабақты жақсы меңгереді. Сабақ соңында әр топтың жинаған ұпайларын есптпеу арқылы оқушыларды бағалап, қорытындыланады.

Сайт создан в системе uCoz