Оптика құпиясы

1.         «Толқын» тобының танысуы

Армасын жиналған топ бұл сайысқа,

Келдік біз сәлем беріп алдыңызға.  

Шыққан тегім Оптика патшалыға,

Құрметтейді ғалымдардың барлығы.

Әкем менің Христиан Гюйгенс,

Толқындардан алдық біз үлкен жеміс.

Қ-сы:

Ой-ой физика

Бізге керек оптика.

Қасиеті толқынның

Табиғатта, ғалымда.

Айтысқанда барлығын жеткіземін,

Бойымдағы түгел қасиетті өткіземін.

Екі топқа екі түрлі қарамаса.

 

2.         «Бөлшек» тобының танысуы

        Жаныма жақсылықты жиып келген,

        Көрінген әрқашанда биіктерден.

        Достықтын туын тіккен  «Бөлшекпез» біз,

        Тулегеміз осындай суйікті елден.

         Қ-сы:

         Даналарым-ай, Ұлыларым-ай,

         Ұмытылмас осындай сүйікті елдің.

 

         Мұрат емес озғаным,

         Кімге керек артық сөз өзгергенің.

          Айналайын адамдар аяландар,

          Еліміздің жарылған көз жанарын.

         Жамандық жақсылықпен шарпысуда,

         Тусеміз көрерменнің талқысына,

         Сәлем бердік «Толқын» тобына,

         Кеп тұрмыз сайысқа қатысуға.

 

Қ-сы.

 

 II. «Бөлшек», «Толқын» айтысы

«Толқын» тобы айтысты бастайды

Таңгажайып Оптиканың қасиеті,

Таратқан ғалымдардың өсиеті.

Жарықтың құдуретін ашып берді,

Толқындық теорияны шешіп көрді.

 

Ломоносов әкелді көп жаңалық,

Айта берсек барлығы таң қаларлық.

Гюйгенсті де айтарлықтай мақтады,

«Толқындық» теорияны жақтады.

 

XVII ғасырдағы Ньютон, Гюйгенс,

Ашқан әрбір жаңалығы бізге таныс,

Жарықтын құбылысын түсіндірді,

«Бөлшек», «Толқындық» қасиетін айта журді.

 

Ағылшынның ғалымы,

Ынталы да дарынды

Томас Юнг алғаш рет зерттеді,

Жарықтың мынау ұзындағын өлшеді.

 

«Бөлшек» тобы:

Зерттедің жарық жағын арасында да,

Үңіліп астына да, басына да.

Мазмұнын әжептәуір түсіндік қой,

Кеп қалдық «Толқынмен» айтысуға.

 

Ешқашап дақ түспеген даңқымызға.

Бұзбаған ешбір сүргін, ықпалымызға

Тізіліп тұра қалды алдымызда,

Алыпта адымдаған көп сұрақ.

 

«Толқын» тобы:

Оптиканың негізін грек ғалымдары қалады.

Бар жаңалық баршаға Френель арқылы тарайды.,

Гюйгенстің ілімін де таратты.

Бар әлемді бір өзіне қаратты.

 

Френель де жарықтың толқындық қасиетін болжады,

Қанша ғалым бірақта, Ньютонды қоршады.

Екі ғалым тоериясы жарысты.

Ньютондікі бірақта шетке қарай ығысты.

 

Математик Пифагордан үйрендік,

Оптиканы меңгеретін күйге ендік.

Жарық сыры тереңдене ұшылды.

Толқындық теория шуақ болып шашылды.

 

Архимедтің даңқы шықты әлемге,

Ойыс айна ойлап тапты әр елде.

Бір нүктеге сәуле жиып тарады.

Римдіктердің кемесін бір минутта жаға алды.

 

«Бөлшек» тобы:

Үңілсең жан-жағына Оптиканың,

Шешесің талай-*талай жұмбақтарын,

Сонан соң қақпа саған ашылады.

Алдыңда ғажап сырлар жосылады.

Кіресің физиканың ортасына,

Есіктен жасқанбастан асып әлі

 

Тамаша жақсы жайлар сезіледі.

Ал сонда ғажайыптың сыры не енді?

Физиканың ортасына кіріп барсаң,

Оптика бөлімі кезігеді.

 

«Толқын» тобы:

Евклидтей ұлы ғалым,

Оптика сырын ашады.

Жарықтың шағылу заңы,

Нұр сәулесін шашады.

 

Оқымысты Аоистотель гректің,

Оптиканың  дамуына тірекпін,

Жарықтың табиғаты бұл бір ілім,

Физиканың төріндегі үлкен ғылым.

Мақтансақ біз бүгін мақтанайық,

Ғылымдағы жаңалықты ақтарайық,

Ойыс, дөңес айналарды жасап бәрін,

өндіріс пен тұрмысқа берді сәнін.

 

Өсімдіктің небір түрін парникте өсіреміз,

Жарық жаққа отырғызып, бірте-бірте көшіреміз,

Кішкеентайды үлкеитіп лупамен көреміз,

Алыс жақты жақындатып, бинокльмен көреміз.

 

Ойыс, дөңес линзалар,

Үш бұрышты призмалар,

Жеті түке сәуле бөлінеді,

Толлдқындық қасиеті көрінеді.

 

«Бөлшек тобы»

Сан ғасыр жете алмаған, байтақ арман,

Інжіуді бұл ғылымның шайқап алған.

Шертеді жарықтың қасиетін,

Оптиканың «Бөлшек» теориясын деп, айта аламын.

 

Әр қасиеті өз алдына бір-бір дастан

Ғылымға ұлы дүние бір іс қосқан

Әлем, жер барлығы осыдан құралады,

Соның бәрін Ньютон ғой іздеп ашқан.

 

«Толқын» тобы:

Жүлде үшін жарыстың,

Жете алмай бірақ қалыпсың.

Фотон деген сөзіңді,

Ғылымға бердің өзіңді.

 

Қандай да бір құбылыста, бөлщектік бір қасиет көрінді.

Жарықтың толқындық бір қасиеті,

Тартқан ғылымдардың өсиеті

Оптикамен байланысты реттейді.

 

Абайдың өлеңдері қалт кетпейді

Қазақтан аты шыққан Абай дана.

Елімнің мақтанышы жеке дара.

Физик те әрі лирик Абай ата.

 

Беріпті бір ғылымға нақты бата.

Абай дана деп текке айтылмапты,

Артық болып көрінер әр тұлғадан

Халықтың даналығын суреттейді

Оптикада толқынды да реттейді.

 

«Бөлшек» тобы:

Жарықтың қасиеті негізгі заң,

Табиғаттың сан сырын тірек қылған

Оқы, зертте, біліп ал жалықпастан

Квант теориясын ұғасың тек осыдан.

 

Квант теориясын айтпасақ тағы болмас,

Немістің ғылымы М.Планк негізін салған.

Столетов пен Герц құр қалмаған

Фотоэффекті теориясын жариялаған.

 

«Толқын» тобы:

Оптикада дамыды екі ілім

Жарықтың табиғаты бұл бір білім,

Гюйгеністің теориясын таратты,

Бар әлемнің ғылымдарын бір өзіне қаратты.

 

Ньютонның жарығы бөлшекпенен тарайды

Гюйгенс жарығы толқындарды орайды

Екі ғылым көпке дейін бір-бірімен таласты,

Жете алмастан жеңіске әр жолменен тарасты.

 

Оптикада жарық, міне, толқын болып тарады,

Енді бізде айтарлықтай еш бір күмән қалмады.

Физиканың терең сырын үиренуден жалықпай

Келеміз біз оқып бәрін еш уақытта қалыспай

 

«Бөлшек» тобы:

Оптика бөлімін айтқаннан соң,

  Арық қысымын кім ашты деп ойларсыз

Ол жайлы білгіңіз келсе мен айтайын

Лебедев болады деп айтармыз біз,

Бас қатыпып физиктер

Еңбектеніп терлейді.

Ньютон, Герц, Столетовтың мұраларын зертейді.

 

«Толқын» тобы:

«Толқын», «Бөлшек» тобымыз,

Айтысып та болдықбіз.

Аяқтайық осымен

Жарық әрі «Толқын», әрі «Бөлшек» сонымен.

 

Келісейік айтыспай,

Бірігейік режіспей,

Бөлінгенбен жан-жаққа,

Мақсатымыз юір жақта.

Оптиканың заңдарынтабиғатта, ғылымда,

Осы алған білімді өз бойыңда жинақта.

Дәріс берген ұстазыңды әрқашанда ардақта!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         

Сайт создан в системе uCoz